2016 жылғы 23 ақпан, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса тiркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кадр қызметі департаменті (Г.А.Омарова) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа шығарылымға және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жіберілуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен қабылдағаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы №82 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленген.
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оны күнінен кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кешіктірілмей жүргізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланатын жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісін бағалау, егер бағаланатын кезеңде атқарып отырған қызметте болу мерзімі үш айдан аз болған жағдайда, жүргізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
4.Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
«Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
5. Жылдық бағалау:
1) «Б» корпусы қызметшісін есепті тоқсандарда орташа бағалаудан;
2) «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалаудан;
3) айналмалы бағалаудан қалыптасады.
6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға «Б» корпусы қызметшісінің қызметіне бағалау жүргізу үшін персоналды басқару қызметі болып табылатын жұмыс органы Бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
7. Комиссияның отырысы, егер онда оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса құқықты болып есептеледі.
Комиссияның мүшесін немесе төрағасын ауыстыру Комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу жолымен уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады.
9. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Персоналды басқару қызметінің қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2. Жұмыстың жеке жоспарын құру
10. «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспарын «Б» корпусы қызметшісі және оның тікелей басшысы бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.
11. «Б» корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындаған кезде, «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымдағы жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
12. «Б» корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспары:
1) «Б» корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);
2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) қол жеткізуге бағытталған, ал ол (олар) болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сүйене отырып, «Б» корпусы қызметшісінің жұмысы іс-шараларының атауы кіреді.
Қолжетімді, шынайы, нақты аяқтау нысаны бар «Б» корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытына байланысты іс-шаралар көрсетіледі.
Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік орган бойынша салыстырумен айқындалады.
3) «Б» корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күні.
13. Жеке жоспар екі данада жасалады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысында болады.
3. Бағалауды жүргізуге дайындық
14. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.
Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдарымен бекітілген көрсеткіштеріне сәйкес қойылады.
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» баллға дейін иеленеді.
19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
20. Атқарушылық тәртіптің бұзушылықтарына:
1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
2) тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;
2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпарат көзі ретінде персоналды басқару қызметінің, «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының, әдеп жөніндегі уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.
22. Әр орындағаны және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл баллы қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуына бағалау жүргізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшысына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметі және әдеп жөніндегі уәкіл берген мәліметтерді есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің дәйектілігі тұрғысынан қарап, оған өзгерістер (болған жағдайда) енгізеді және оны келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы «Б» корпусы қызметшісі растайды.
«Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы актіні жасайды.
5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау
26. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің дәйектілігі тұрғысынан қарап, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.
«Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы актіні жасайды.
6. Айналмалы бағалау
29. Айналмалы бағалау өзімен:
1) тікелей басшыны;
2) «Б» корпусы қызметшісіне бағыныстыларды;
3) тікелей бағыныстылар болмаған жағдайда – «Б» корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалауды білдіреді.
30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
32.Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
33. Персоналды басқару қызметі айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
7. Қорытынды баға
35. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:
– тоқсандық баға;
a – көтермелеу баллдары;
в – айыппұл баллдары.
36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
80 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»
80-нен 105 баллға дейін(қоса алғанда) – «қанағаттанарлық»
106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – «тиімді»
130 баллдан астам – «өте жақсы»
37. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
– жылдық баға;
– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 37 тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 баллға(қоса алғанда)дейін) – 3 балл,
«тиімді» мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
«өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);
– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
3 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»;
3 баллдан бастап 4 баллға дейін – «қанағаттанарлық;
4 баллдан бастап 5 балға дейін – «тиімді»;
5 балл – «өте жақсы».
8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
39. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
3) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен мынадай жағдайларда:
1) егер «Б» корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте «Б» корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
2) «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе бағаны түзетеді.
41. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелері мен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.
«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері еркін нысанда танысудан бас тарту туралы актіні жасайды.
42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
43. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
44. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
45. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта шағымдануға құқығы бар.
10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
46. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
47. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
48. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
49. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
50. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
51. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне 1-қосымша
Нысан
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):____________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы: ________________________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
____________________________________________________________________________________________
№ р/с Шаралардың аталуы* Іс-шараның нәтижесі
1 Іс-шара
2 Іс-шара
3 Іс-шара
4 …
Ескертпе:
- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс
Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
___________________________
күні_________________________
қолы________________________ Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
____________________________
күні_________________________
қолы ________________________
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне 2-қосымша
Нысан
Бағалау парағы
_____________________________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
______________________________________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ р/с Қызметшінің
өзін-өзі бағалауы Тікелей басшының бағалауы Ескерту
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
1
2
3
Өзін-өзі бағалау нәтижесі: Бағалау нәтижесі:
Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
___________________________
күні_________________________
қолы________________________ Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
____________________________
күні_________________________
қолы ________________________
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне 3-қосымша
Нысан
Бағалау парағы
_________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
______________________________________________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:
№ р/с Аталуы Маңызы Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері Басшының бағалау нәтижелері Ескерту
1 Іс-шара 2-ден 5 ке дейін
2 Іс-шара 2-ден 5 ке дейін
3 Іс-шара 2-ден 5 ке дейін
4 …
Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
___________________________
күні_________________________
қолы________________________ Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
____________________________
күні_________________________
қолы ________________________
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне 4-қосымша
Нысан
Айналмалы бағалау нәтижелері
__________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
______________________________________________________________________________________________
№ р/с Құзіреттін аталуы Маңызы Баға (балл)
Тікелей басшы
1. Бастамашылығы 2-ден 5 ке дейін
2. Әрекеттестікке икемділігі 2-ден 5 ке дейін
3. Қызметтік этиканы сақтау 2-ден 5 ке дейін
БАРЛЫҒЫ:
Бағынышты адам
1. Жұмысты жоспарлай білу 2-ден 5 ке дейін
2. Жұмысқа негіздей білу 2-ден 5 ке дейін
3. Қызметтік этиканы сақтау 2-ден 5 ке дейін
БАРЛЫҒЫ:
Әріптесі
1. Топта жұмыс істей білу 2-ден 5 ке дейін
2. Қызметтік этиканы сақтау 2-ден 5 ке дейін
БАРЛЫҒЫ:
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне 5-қосымша
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_____________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері
№
р/с Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда) Бағалау нәтижелері туралы мәлімет Комиссияның ұсыныстары
1.
2.
...
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: ____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13492 болып енгізілді.