03 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №85

442 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында: 5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобында: 258 «Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», 299 «Облыстың экономика және қаржы басқармасы», 357 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», 453 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі», 459 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі», 461 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі», 476 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» және 727 «Облыстың экономика басқармасы»: 061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау, бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: «061 Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау»; 04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында: 4 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» функционалдық кіші тобында: мынадай мазмұндағы 099 бюджеттік бағдарламасы бар 271 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын: «271 Облыстың құрылыс басқармасы 099 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру объектілерін салу және реконструкциялау»; 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында: 243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 135 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «135 Ақмола облысының облыстық бюджетіне Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері»; 271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 062 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «062 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»; 467 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 062 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «062 Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»; 13 «Басқалар» функционалдық тобында: 3 «Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау» функционалдық кіші тобында: 243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша: 105 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялық инфрақұрылымды дамытуға нысаналы даму трансферттері» бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: «105 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері»; мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «107 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялық инфрақұрылымды дамытуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері». 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. СҰЛТАНОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13450 болып енгізілді.