03 Қараша, 2016

Қазақстан LPI логистикалық тиімділік индексін көтерді

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан халықаралық логистикалық рейтингінде (LPI) он бір саты көтеріліп, 160 елдің ішінде 77 орынға тұрақтады. Бұл ТМД елдеріндегі үздік көрсеткіш, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. 2020 жылдары Қазақстан логистикалық қолайлы 40 елдің қатарына кіруді көздейді. Ол үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұлттық логистикалық оператор ретінде тиісті инфрақұрылымды дамытып, кедендік рәсімдеуді жеңілдетіп, тасымалдауға ақпараттық технологияны енгізуді көздейді. Оның сыртында, «Қазақстан темір жолы» компаниясы Қазақстанның ғаламдық нарықтағы бәсекелестігін өсіру үшін аралас жүктерді тасымалдау көлемін арттырады. Осы мақсатта темір жол мен әуекөлігімен аралас тасымалдау үшін жаңа көлік өнімі - «Rail-Air» ұсынады. Бұл өнімнің баламалы негізде Оңтүстік Шығыс Азияның Дубайды Еуропамен жалғайтын «Sea-Air» логистикалық тізбегінен сәл жылдамдығы төмендеу. Алғашқы әуе жүк тасымалы Қытайдан Еуропаға, Иран, Ресей, Түркияға 2017 жылы жіберіледі. LPI – Әлем банкінің логистикалық қызмет тізбегінің тиімділігін бағалаудың халықаралық рейтингі. Оның нәтижесі жалпы әлемдік халықаралық экспедиторлық компаниялар мен экспресс жеткізу қызметінің мәліметтеріне негізделеді. Әлемдік банкі LPI Индексін екі жылда бір рет шығарады. Ол өз кезегінде мемлекеттерге логистика жүйесінің мүмкіндігін таңдауға ыңғайлы болады.