04 Қараша, 2016

Назарбаевтың 22 жыл бұрынғы суреті жарияланды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161104103920 Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үш ғарышкермен  22 жыл бұрын түскен суреті жарияланды. «Бұдан тура 22 жыл бұрын екінші қазақ ғарышкері Жерге оралды. 1994 жылғы 4 қарашада қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарыштағы «Мир» орбиталық стансасында болған сапарын аяқтап, Жерге оралды. Ол 1994 жылғы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышқа ұшқан болатын. 125 тәулік 22 сағатқа созылған сол сапарында ол ашық кеңістікке шыққан алғашқы қазақ перзенті болды. Сапарын сәтті аяқтаған үш ғарышкер - Т.Мұсабаевты, Ю.Маленченконы және У.Мербольдті Елбасы Торғай өңірінде салтанатты түрде қарсы алған еді. 22 жыл бұрынғы сол тарихи сәттен түсірілген фотосуретті бүгін фейсбук пайдаланушылары назарына ұсынып отырмыз», - деп жазылған парақшада.