Спорт • Кеше

«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында елорданың «Астана» командасы Алматыда Лондонның «Челси» клубын қабылдап, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды

«Ақсүйектер» бұл матчқа негізінен жастарын әкелген. Бірақ соның өзінде 19 жастағы испаниялық Марк Гиу бірінші таймда дубль жасап, матч тағдырын шешіп тастады. Бір голды португалиялық қорғаушы Ренату Вейга салды. Үзіліске дейін «Астана» капитаны Марин Томасов бір тура соққымен жауап берді. Бұдан кейін таблода өзгеріс болмады. Қорытынды есеп – 1:3.

Осылайша, елордалық команда «Челсидің» үшінші құрамына да төтеп бере алмады.

Еске салсақ, бұған дейін «Астана» өз алаңында сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» (1:0) командасын жеңсе, португалиялық «Виториямен» (1:1) тең түсті. Сырт алаңда Уэльстің «Нью-Сейнтс» (0:2), кипрлік «Пафос» (0:1) клубтарына есе жіберді.

Бес матчтың қорытындысы бойынша «Астананың» еншісінде 4 ұпай бар. Турнир кестесінде 23-орында тұр.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20