04 Қараша, 2016

Күшті дауыл Таразға айтарлықтай зиян келтірді (фото)

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
img_8751 Тараз қаласында кеше түстен кейін басталған желдің жылдамдығы 35 м/секундқа жетті. Дауылдың зардаптарын жою мақсатында апаттық бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Қазір көгілдір отынсыз қалған абоненттерді газбен қамтамасыз ету үшін 10 арнайы бригада жұмыс істеуде.  Жалпы алғанда дауыл болған түні «ТаразЭнерго Орталық» АҚ-ның РК-4 қазандығы, сондай-ақ, «Теміржол жылу» МКК-ның Уездный қазандығы істен шықты. Бұлар бүгін түскі сағат 13.00-ге дейін қалпына келтірілді. img_8847 «Тараз қалалық электр жүйелері» ЖШС-іне жалпы 186 өтінім түсіпті. Оның 63-і топтық, 19-ы жеке өтініштер. Электр кабельдердің үзілгені туралы 22, электр қуаты жоқ деген дерек бойынша 19 шағым түскен. Қалада Л-112, 123, 158 (110 кВ) және Рысбек батыр, «Астана», «Бәйтерек» мөлтекаудандарындағы ХПП подстанциялары істен шықты. img_8827 13 автокөлікке тал құлау дерегі орын алған. 36 адам дене жарақаты тіркелді. Оның 3 дәрігерлер бақылауына алынды, қалған 33 адам алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды. img_8765 Дәл қазір «Жасыл Ел – Тараз» ЖШС-нен 3 бригада, төтенше жағдайлар бөлімінен де 3 бригада және ЖЭС-тен 20 бригада жұмыс атқаруда. «КазТрансГазАймақ» АҚ 10, жергілікті полиция қызметкерлері 36 экипаж шығарды.     img_8869 img_8708 img_8758 Оралхан Дәуіт. Жамбыл облысы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.