05 Қараша, 2016

Премьер-Министр кеңес өткізді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. Кеңес барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жобасы талқыланды. Оның негізгі мақсаты - өнімді жұмыспен қамтуға мүмкіндіктерді кеңейту арқылы халықтың табысын арттыру.