05 Қараша, 2016

5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
051116-aua-raiy Сенбі, 5 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерінде  жаңбыр жауады. Шығыста, республиканың оңтүстігінде және орталығында  жауын-шашынсыз күн райы күтіледі деп хабарлайды egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 15-28 метр, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста, кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасындатады. Ақмола облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ болады деп күтіледі, жел тұрады. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарында, түнде Павлодар облысында  кей жерлерде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады, түнде жаяу бұрқасын жүреді. Қостанай облысында да кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, желдің күші 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатады, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Шығыс Қазақстан облысында да бұрқасын күтіледі, тұман, секундына 15-20 метр жел тұрады, түнде жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.