07 Қараша, 2016

Оңтүстiк тұрғындары 2050 жылға қарай 5,2 млн адамға жетеді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстiк халқы 2050 жылға қарай 5,2 млн адамға өсiп, жалпы ел халқының 55 пайызын құрайтын болады. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiстегі үкiмет сағатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. «Еңбек ресурсының тапшылығы бар өңiрлерге азаматтарды ерiктi түрде көшiру жүзеге асырылып жатыр. Бiздiң институттар мен ұлттық сарапшылар қазiргi демографиялық және көшi-қон үрдiсiн ескере отырып, оңтүстiк өңiрлердiң халқы 5,2 млн адамға өседi болжап отыр. Сөйтiп, ел халқының 55 пайызын құрайтын болады», - дейдi Т.Дүйсенова. Бұл орайда оңтүстiк халқының орналасу тығыздығы солтүстiк өңiрлерден 4 еседен асып түспек. «Бұл еңбек ресурстары бойынша қиындықтар тудырады. Осы үрдiс ескерiле отырып, ерiктi қоныс аудару географиясы кеңейтiлдi. Егер алғашқы жылдары халық тек бiр облыстың iшiнде экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден аудандық қалаларға көшiрiлсе, 2015 жылдан бастап облысаралық қоныс аудару басталды. Қазiргi уақытта үкiмет халықты оңтүстiктен солтүстiкке көшiру үшiн квоталар белгiледi», - деп атап өттi министр.