07 Қараша, 2016

Қазақстандық оқушылар робот жасау бойынша Томскіде жүлделі болды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысының оқушылары Томскіде өткен робот техникасын жасау бойынша жарыста сәттілікке қол жеткізді, деп хабарлайды egemen.kz облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қарағандылықтар Томск облысы губернаторының Кубогын иеленді. «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернат командасы «Кегерлинг» санатында  бірінші орынды, «Роботтар биі» санатында - үшінші орынды жеңіп алды. «Сумо» санатында екінші орын Қарағанды №1 қазақ-түрік лицейі командасының еншісіне тиді. Жезқазған № 3 қазақ-түрік лицейінің командасы «Туды жаулап алу» санатында екінші орын алды", - делінген хабарламада. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар, медальдар, сондай-ақ «Lego» естелік сыйлықтары берілді. Ұйымдастырушылар ақпараты бойынша, жарысқа мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 200-ден астам бала қатысқан. Қазақстаннан Қарағанды және Павлодар облысының оқушылары барды.