08 Қараша, 2016

Дауылдың зардабы Үкімет назарында

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығынан орын алған жағдайларға қатысты тапсырма берді. Қатты дауылдың салдарынан орын алған мәселені жіті бақылауға алып, «ҚазАгромен» тиісті жұмысты жүргізуді тапсырды Үкіметтің бүгінігі отырысында бейнебайланысқа шыққан Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірлердегі қатты дауылдың салдары бойынша баяндады. Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаевтың айтуынша, коммуналдық нысандарға қатысты барлық шығындар жергілікті бюджеттің есебінен өтеледі. Әкімнің сөзіне қарағанда, дауылдан кейін 36 адам медициналық көмекке жүгініп, төртеуі ауруxанаға жатқызылды. «Төтенше жағдай Таразда, Байзақ, Мойынқұм мен Шу аудандарында енгізілді. Қазіргі кезде шығынның көлемі анықталуда. Алдын ала болжамға сәйкес, шығындар 400 млн. теңгені құрап отыр», деді Жамбыл облысының әкімі. Әкімнің айтуынша, қорғаныс министрлігі, сондай-ақ білім және ғылым министрлігі өзіне қарасты нысандарды өз күшімен қалпына келтіретін болды. Ал коммуналдық меншіктегі нысандардың барлығы жергілікті бюджеттің есебінен өтеледі. Оған қоса, қатты дауылдың салдарынан 10 жылыжай бұзылды. Оның шығыны 175 млн теңгені құрап отыр. Аталған нысандар несиеге салынғандықтан, ол ақшаны қайтару мерзімін ұзарту туралы ауызша келісім бар. Динара БІТІКОВА, "Егемен Қазақстан"