08 Қараша, 2016

"Жетісу" футбол клубының бапкерлік штабы жұмыстарынан кетті

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубының бапкерлік штабы, сондай-ақ, директоры Иван Азовский өз орындарынан босатылды, деп хабарлайды prosportkz.kz

Бас бапкер Алмас Құлшынбаев пен оның көмекшісі Марат Есмұратов, қақпашылардың бапкері Тілеужан Әбілқасымов жұмыстарынан кетті.

Директор Иван Азовский бұл қызметке былтыр қазан айында тағайындалған еді.

Айта кетейік, 2016 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Жетісу» Премьер-лигада соңғы орын алып, екінші дивизионға түсіп қалған болатын.