Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг 2016 жылғы жетістіктері бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға Лондон Олимпиадасының чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, +78 келі салмақта екі дүркін әлем чемпионы кубалық Ортиз Идализ жайғасса, үздік үштікті 78 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада және Әлем чемпионы америкалық Кэйла Харрисон қорытындылап тұр. Бұл туралы дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Галбадрах Отгонцэцэг үшін Абу-Дабиде өткен «Grand Slam» турнирі Қазақстан құрама сапындағы (2016 жыл) 10-ыншы халықаралық жарысы болды. Ол осыған дейін қатысқан барлық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп, осы күнге дейін 10 жарыста – 5 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленген.
Естеріңізге сала кетсек, Галбадрах Отгонцэцэг 48 келі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2 дүркін Халықаралық Гран При және 2 дүркін «Grand Slam» турнирлерінің жеңімпазы. Сондай-ақ, Ұлан-Батор мен Дюссельдорфта өткен «Grand Prix» турнирлерінде күміс медаль иеленсе, Баку мен Тблисидегі халықаралық турнирлерде қолаға қол жеткізген болатын.
• 11 Қараша, 2016
Галбадрах Отгонцэцэг – әйелдер арасындағы үздік дзюдошы

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Спорт • Бүгін, 01:41
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше