17 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы №306

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 8 шілде  Астана қаласы Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.БОЗЫМБАЕВ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі №306 бұйрығымен бекітілген Толтыру нысаны Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істер № р/с Құжат Ескертпе 1 облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмi Шешiмнің көшірмесі (қоса беріледі) 2 жер учаскесi орналасқан жер бойынша өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi растаған жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу және жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың берiлгенi туралы анықтама анықтаманың көшірмесі (қоса беріледі) 3 қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесi техникалық-экономикалық негiздеменің көшірмесі (қоса беріледі) 4 мемлекеттiк экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалар және қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға арналған Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындылары Оң қорытындылардың көшірмелері (қоса беріледі) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 10 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14105 болып енгізілді.