18-қараша күні Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов іс-сапармен келеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды egemen.kz Университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елші Рашад Маммадовтың бұл сапарының мақсаты – Ахмет Ясауи университетінде «Әзербайжан тарихи-мәдени орталығын» ашу туралы меморандумға қол қою.
Меморандум негізінде алдағы уақытта мәдени және білім бағдарламалар үлгілерінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруды тараптар мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, бауырлас мемлекеттер арасында өзара мәдени, рухани байланыстар орнату, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлікте ұйымдастыру көзделген.
Сонымен қатар, ықпалдастықты қолдау аясында Қазақстанның білім беру, ғылым және мәдениет мекемелерінің, жастар ұйымдарының өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары төңірегінде келісімдер жасалмақ.
Сондай-ақ, елші Р.Маммадов Ахмет Ясауи университеті студенттеріне лекция оқитын болады. Сапар барысында Әзербайжан елінен келіп білім алып жүрген студенттермен кездесу де жоспарланған.
• 17 Қараша, 2016
Түркістанда Әзірбайжан тарихи-мәдени орталығы ашылады

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше