17 Қараша, 2016

ОҚО-да техникалардың қысқа дайындығы тексерілді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев «Қыс-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын  «Қазақавтожол» РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалындағы жол техникаларының қыс мезгіліне дайындығын тексерді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұл жұмыстарға ОҚО ТЖД басшысы Н.Дербисов, департамент бастығының орынбасары, полковник Б.Сопбеков пен жол-патрульдік полициясының қызметкерлері де қатысты. Іс-шараның мақсаты - қыс мезгіліне инертті материалдардың қорын және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына жол-пайдалану техникаларының дайындығын тексеру, арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау, облыстық асуларда орналасқан жылыту пункттерінің дайындығын көріп шығу болып табылады. Айта кету керек, «Қазақавтожол» РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының құрамына барлығы 3 жол-пайдалану басқармасы кіреді. Жалпы техниканың саны 59 бірлік (шнекоротор, автосамосвал, автогрейдер, бульдозер, погрузчик т.б.). Олардың барлығы республикалық манызы бар автомобиль жолдарында жұмыс жасауға арналған. Сондай-ақ, басшылық тарапынан уақытша жол белгілері дайындалған («Тайғақ жол», «Максималды жылдамдылықты шектеу» және т.б.). Оларды республикалық манызы бар автожолдарда орнатады.