«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов «APCO Worldwide» компаниясының атқарушы вице-президенті Дон Бонкермен кездесті.
Басқосу барысында екі жақ Америка Құрама Штаттарының халықаралық мамандандырылған көрмесінде қатысу мәселесін талқылады. Кездесуде А.Есімов америкалық делегация өкілдеріне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады expo2017astana.com.
«Франция, Германия, Қытай, Түркия және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар беріліп те қойды. Сондай-ақ, қатысушы мемлекет қызметкерлеріне пәтерлер де дайын. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр. АҚШ павильоны тапсыруға дайын», - деді А.Есімов.
«АРСО» компаниясы америкалық павильонның ашылуы бойынша жұмыстарды атқару үшін таңдалды. Біздер барлық ұйымдастырушылық мәселелермен, айталық павильон дизайны, контенті, оны ілгерілету жұмыстарымен айналысатын боламыз», - деді Дон Бонкер.
Бүгінгі таңда Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын 106 мемлекет растады, 101 мемлекет өз комиссарларын таңдады, 90 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.
Айта кету керек, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 10 маусым мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін болады.

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше