18 Қараша, 2016

Әліппе "0" сыныптан бастап оқытылмақ

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылдан бастап «0» сыныпта балалар әлiппенi оқитын болады. Бұл туралы Сенат депутаттарымен өткен кездесу барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz. «0» сыныпты 2019 жылдың бiрiншi қыркүйегiнен енгiзу жоспарланған едi. Бiрақ қазiр ата-аналар мен ұстаздардың қалауы бойынша оны ертерек, 2017 жылдан бастап қанатқақты тәртiпте енгiзудi көздеп отырмыз. Әрi қарай қалай iске асатынын көремiз. Мектепалды даярлық тобын мектепте де, балабақшада да өтуге болады. Неге? Өйткенi бiзде барлық мектептер осынша көп баланы қабылдауға дайын емес. «0» сыныпта күнiне 3-4 сабақ 20-35 минуттан болады. Бұл мәселелер қазiр қоғаммен талқыланып жатыр», - деп хабарлады Е.Сағадиев. Министрдiң айтуынша, нақ осы «0» сыныпта әлiппе оқытылатын болады. «Қазiр әлiппе қайда кеттi деп жатыр ғой. Мектепалды даярлық топтарында балалар әлiппенi оқиды. Бұл дұрыс», - дедi ол.