Қазақ күресі ҚР Денешынықтыру-спорттық ұйым ретінде мойындалды. Бұл туралы ҚР Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Алдағы жылы әлем барысын өткізуді жоспарлап отырған Қазақ күресі федерациясы бүгін Ұлттық Олимпиада комитетінің арнайы сертификатын алды.
«Бүгін ұлттық спортымызда елеулі күн. Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы ресми түрде Ұлттық Олимпиада Комитетінің тану туралы сертификатын алды. Осылайша федерация ұлттық спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорттық ұйымы ретінде танылды.
Бүгін Ұлттық Олимпиада Комитетінің отырысында аталмыш ұйымның атқарушы директоры Серік Қасқабасов тану туралы сертификатты ҚР Қазақ күресі федерациясына табыстады.
Бұл төл спортымызды жаңа деңгейге көтерудегі тағы бір игі қадам. Отандық спортты көтеруде және оны халықаралық аренада беделін арттыруға жұмыс істеп жатқан Олимпиада комитетінің қолдауы ұлттық күресімізге жаңа қарқын бермек» - деп жазады Ерлан Қарин.

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше