Офицер Шымкент – Астана аралығын велосипедпен жүріп өтті
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің офицері Сәбит Мұстафаев Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құрметіне Шымкенттен Астанаға велосипедімен барды.
Ол бұл сапарын солтүстік өңірлерді аяз қыспай тұрғанда жасап үлгерді. Ал барды деп айтар ауызға ғана оңай, таспадай керілген тас жолда ерсілі-қарсылы қидаласқан машиналар, жаңбыр мен жел, төбені тескен ащы күн, қараңғы түн, аңқаны кептірген аңызақ, бәрінен өтуге тура келген. Ол 1430 шақырымды 9 күнде жүріп өтті.
– Әрине, жолда қиындықтар болмай қалған жоқ, – дейді офицер. – Қап-қараңғы түнде велосипедпен келе жатқанда түрлі қорқыныштар болды. Сол кезде «Сәбит, өз елің, өз жеріңде жүріп келе жатырсың, неменеден тартынасың», деп көңілімді бастым. Отаныма деген сезімім қанаттандырды. Ата-баба армандаған тәуелсіздікке әркім әрқалай үлес қосады. Мен мемлекетіме деген құрметімді осылай көрсеттім.
Сәбит Мұстафаев ершіктен түспейтін кәнігі велошабандоз емес. Кезекті еңбек демалысын пайдаланып, осы іске тәуекел еткен. Тәуелсіздікке құрметтің үлкен-кішісі болмайды. Офицердің үлгісі осы.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше