Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі балаларды ерте жастан дамыту мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты және Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева, БҰҰ Қазақстандағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный қатысты.
Жиында спикерлер «Дамыту мақсатындағы күтім» атты балаларды ерте жастан дамытудың бірлескен бағдарламасын күшейту үшін дайындаған әдістемелік құралдардың әзірленгенін айтты.
– Бүгін біз «Дамыту мақсатындағы күтім» атты науқанымызды күшейтуге бағытталған жаңа және жаңартылған материалдарды ұсынып қана қоймай, барлық мүдделі тараптарды аталған шараға қатысуға шақырамыз, – деді Юрий Оксамитный. Жалпы, адамның миы дүниеге келген сәттен бастап, 3 жасқа дейін асқан шапшаңдықпен дамиды, әрі мұндай құбылыс адам өмірінде екінші рет қайталанбайтыны медицинада дәлелденген. Ажар Төрағалиеваның айтуынша, осы уақытта ересектер баланың дамуына мейлінше көп уақыт және көңіл бөлуі тиіс. Яғни, ата-аналар балаларды ерте жастан бастап салауатты жолмен дамытуға, спортпен шұғылдануына, денсаулығын күтуіне, тамақтандыруға, қамқорлық көрсетуге, қауіпсіз орта қалыптастыру және ерте жастан оқытып-үйретуге міндетті.
– Ерте балалық шақ – денсаулықтың, аман-саулықтың, даму мен білім алудағы табыстылықтың, сонымен қатар, мінез-құлық түрлерінің негізін қалайтын адам өміріндегі ең маңызды кезең, – деді Ажар Төреғалиева.
Баспасөз мәслихатында спикерлер еліміздегі балаларды ерте дамытудың жан-жақты тәсілдерін тілге тиек етті. Жиын соңында «Дамыту мақсатындағы күтім» науқаны республика көлемінде жүзеге асып, нақты нәтиже береді деген болжам айтылды.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше