«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің және «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің ұйытқы болуымен «БАҚ-тарды дамытудың қазіргі заманғы әдістері» деген тақырыптағы семинарлар сериясы жұмысын аяқтады. Оған Парламент депутаттары, отандық және шетелдік журналистер, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Онға жуық тақырыптан тұратын семинарлар аталған іс-шараның мәні мен мақсатын, ұйымдастыру жұмыстарына байланысты мәселелер түсіндірілген сессиямен ашылды. Сессияны Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Елдос Нәшірәлі жүргізді. Ал тақырыптық семинарларға қазақстандық және ресейлік журналистер мен блогерлер модераторлық етті, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарларға қатысушылар «Қазіргі заманғы журналист: әмбебап сарапшы», «SMM – идеяларды ілгерілетудің жаңа арнасы», «Дағдарысты жағдайда тиімді жұмыс істеу, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдерінің өзара іс-қимылы», «БАҚ – қоғамдағы құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» пен халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру құралы», «Баспасөз хатшыларының БАҚ-пен өзара іс-қимылы: ақпарат беру, журналистермен жұмыс істеу дағдылары», «Шешендік өнер және сайлау психологиясы» деген тақырыптар бойынша пікір алмасты, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Семинар соңынан қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше