18 Қараша, 2016

Брест бекінісінің белгісіз беттері

401 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
10_10-1А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Ләйла Ахметованың «1941. Брест бекінісі. Қазақстан» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған шараға өңір зиялылары, қаламгерлер мен журналистер және жастар қатысты. Сондай-ақ, кітаптың тұсау­ке­серін Шемонайха, Бесқарағай, Абай, Жарма, Аягөз және Глубокое аудандық кітапханалары мен Үржар, Мақаншы аудандарындағы ауылдық кітапханалар, Күршім ауданының Теректі ауылдық кітап­ха­насы онлайн жүйесі арқылы кө­руге мүмкіндік алды. Автормен кездесуге аталған кітапқа есім­дері енген қаһарман жауынгерлер­дің туған-туыстары да келді. Ләйла Ахметова бұл кітабында аты аңызға айналған Брест бекіні­сін­­де соғыс алдындағы кезең мен 1941 жылдың маусым айында бол­ған оқиғаларды баяндайды. Зерт­­­теу еңбегі 1941 жылы фа­ши­с­т­ер­дің алғашқы соққысын қар­­сы алған қамалда қызмет ет­кен­­дердің тізімі жариялануымен жә­не әрі қарайғы тағдырлары тар­­­қ­атылуымен құнды. Олардың ара­сында шығысқазақстандықтар да бар. – Қырқыншы жылдың ақпан айында Семейден әскер қатарына аттанғандар эшелонмен Брест-Литовскіге бағыт алып, олардың бір бөлігі Брест қамалына бөлінді. Биыл 1 мамырда мен Брест бе­кі­ніс­ін қорғауға қатысқан 556 қазақстандықтың есімін таптым. Олардың ішінде 88 семейлік және 10 шығысқазақстандық жауынгер бар. Әрине, іздеу жұмыстары әлі жалғасады. Өйткені, қамалды қор­ғауға қатысқандар мұнымен шек­телмейді. Сол себепті бұл бі­рін­ші кітап ретінде жарыққа шық­ты. Мәселен, Жарма ауданы­ның Бала­жал кентінің өзінен 30 адам Брест қамалын қорғауға қа­тыс­­қан. Мен архив құжаттарынан тек екеуін ғана таптым, – дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­­вер­ситетінің профессоры Ләйла Сей­с­енбекқызы. Кітап авторының ай­ту­ынша, 44-атқыштар полкі бой­ынша табылған көптеген құжат­тарға сәйкес, полктің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облы­сынан жасақталған. Алайда, ұрыс­қа қатысушылардың көпшілігі тұт­қын­ға түскендіктен, көп жылдар бойы оларды Ұлы Отан соғысының қа­ты­сушылары санатына қоспаған. Ләйла Сейсенбекқызы оқу­шы­лар ата-бабаларының соғыста жа­саған ерліктерінен хабардар бо­луы үшін аталған кітаптың өңір мектептерінде көмекші құ­рал ретінде пайдаланылуын және Пушкин мен Абай атындағы облыс­тық кітапханаларда есімдері жа­зы­лған шығысқазақстандық жауын­герлердің тізіміне ту­ған-туыстарының үн қатып, еңбек­тің одан әрі толыға түсуі үшін қол­да бар деректерімен бөлісуін сұра­ды. Кездесуге келген май­дан­гер­лердің ұрпақтары мен ағай­ын­дары кітаптан Балғыбаев, Дмитриенко, Попов және басқа да жауынгерлердің есімін тауып, қуа­нысып қалды. Бұл ретте кітап ав­торы Ұлы Отан соғысының қаһар­мандарын бірігіп іздеуге ба­ғыт­талған топ құрып, бірге жұмыс істеу­ге, осылайша іздеусіз кеткен жерлестердің ерлікке толы өмі­рін паш етуге шақырды. Айта ке­телік, Ұлы Отан соғысы жылдарын­да Шығыс өңірінің өзінен 109 Кеңес Одағының Батыры шыққан болатын.   ӨСКЕМЕН