18 Қараша, 2016

Қазақстандық 5 спортшы Олимпиада медалін қайтарады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиада кезінде алынған допинг-сынамаларды қайта тексергеннен кейін Халықаралық олимпиада комитеті тағы 16 спортшының нәтижесін жойды, деп хабарлайды sports.kz.
 Олардың арасында қазақстандықтар Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, «қола», 75 келіден жоғары), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, «қола», 96 кг дейін), Майя Манеза (ауыр атлетика, «қола», 63 келіден жоғары), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, «күміс», 63 кг дейін) және Владимир Седов (ауыр атлетика, 4-орын, 85 кг дейін) бар.