18 Қараша, 2016

Microsoft дальтониктерге көмектеспек

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Microsoft компаниясы қиын түстерді алмастыратын қосымша арқылы дальтониктерге көмектеспек, деп хабарлады "МИР 24" телеарнасы. "Color Binoculars деп аталатын қосымша IOS платформасында жұмыс істейді. Бағдарлама смартфондағы камераны қолданып, лезде қиын түстерді алмастырады. Color Binoculars - дальтонизмнің түрлі формасымен ауыратын адамдар үшін жақсы бағдарлама болмақ", - делінген хабарламады. Бұл қосымша аурудың формасы мен деңгейіне қарай барлығына бейімделген және ашық қолданыста болмақ.