18 Қараша, 2016

Қорқыт ата кесенесі ЭКСПО туристерін қабылдауға дайын

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі таңда Қорқыт ата мемориалдық кешені «ЭКСПО-2017» келетін туристтерді қабылдауға толық дайын деуге болады. Елбасының тапсырмасымен 2014 жылы кешенге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұрынғы кесенеге тән архитектуралық ерекшелігін сақтай отырып, жаңа үлгіде қайта салынды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Байқоңырда туристік экскурсияларды ұйымдастырумен 2 туристік фирма айналысады. Сонымен қатар, Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсиялар ұйымдастару құқығына 7 қазақстандық туроператор ие болды, - дейді Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов. «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арналып Қызылорда облысында «Сырдария» туризм бюросы» ЖШС-гі тарапынан бір туристтік маршрут жасақталды. Маршрут Қызылорда қаласы – Қорқыт Ата мемориалы - Байқоңыр ғарыш айлағын байланыстырады. Облыс қонақтарына арналған маршрут екі күнге есептелген.