18 Қараша, 2016

Грекияда «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері өтті

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
film-foto Қазақстанның Грек Республикасындағы елшілігі «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ-мен бірлесіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай, Ахарнэ қаласында «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің көрсетілімін өткізді. Грекия жұртшылығы фильмге деген қызығушылықтарын жарнама шыққан күннен бастап таныта бастаған.  Фильмнің бұрынғы отандастырымыз – қазақстандық гректер көптеп қоныстанған қалада өткізілуі символикалық мәнге ие. Салтанатты шараға шақырылған қонақтар арасында Грек Республикасының қоғам және саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпус, іскер және мәдениет өкілдері, Ахарнэ қаласының басшылығы мен біздің бұрынғы отандастарымыз болды. Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі А.Волков фильм алдында сөйлеген сөзінде «Қазақстанның Тұңғыш Президенті тек өз мемлекетінің ғана емес, Орталық Азияның Көшбасшысы, сонымен қатар, ядролық қаруды таратпауға, қарусыздануға қосып келе жатқан зор үлесі арқылы әлем мемлекеттерінің басшылары мен халықаралық ұйымдар тарапынан мойындалған тұлға» екенін  айтты. Іс-шара соңында қонақтар фильмнен алған жылы әсерлерін жасырмай, Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық және шынайы достық үлгісін естеріне алып, өмірлерінің ең қуанышты мезеттерімен, бұрынғы отандарына деген сағыныштарымен бөлісті.  film-foto2