18 Қараша, 2016

Мешіттердің ішкі тәртіп ережесі бекітілді

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed Кеше Алматыда Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі талқыланып, бір ауыздан бекітілді. Оның мәтінімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов және Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев таныстырды. Ережеде мешітте жасауға тыйым салынған әрекеттер, Алла үйіне келушінің негізгі құқықтары мен міндеттері жеке бөлім ретінде қамтылған. Сонымен бірге, ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі дін қызметкерлері мен мешітке келушілерге байланысты басқа да мәселелерді қадағалайды. «Бұл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын негізгі нормативті акт. Ереже Қазақстан Республикасының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да заңнамаларының нормаларына, инструктивті құжаттарына және еңбекті ұйымдастыру саласындағы нормативтік актілерге, сонымен қатар ҚМДБ Жарғысына сәйкес дайындалды. Мешітке келуші әр адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтауды, діни сенім бостандығы құқығын қорғауды, сондай-ақ діни қызметке байланысты басқа да мәселелерді реттеуді, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабының тарихи рөлін мойындауды, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді негізге алады», – делінген ережеде. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»