18 Қараша, 2016

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161118111216 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Рамазанов Арман Қайырбекұлы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Арман Рамазанов 1978 жылы 18 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қаржы мамандығы бойынша оқыған. 2001-2007 жылдар аралығында - Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде түрлі лауазымдарын атқарған. 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін бизнес құрылымдарда басшылық лауазымдарын атқарған. 2010-2015 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Казахвзрывпром» АҚ (қазіргі таңда «Қазтехнологиялар» АҚ) Басқарма төрағасы. 2015-2016 жылдар аралығында - «Aстанa» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалуына дейін А. Рамазанов Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.