Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды шақырып, жастармен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ондағы мақсат - жастарды жарқын азаматтардың өмір жолына үңілдіріп, дұрыс бағытта тәрбиелеу. Кездесу ойлағандай өрбіді.
Кәсіпқой боксшы, WBA тұжырымы бойынша Латын Америкасы аймағының чемпионы Қанат Ислам шынашақтай баланың шын батырға айналу құпиясын ашты. Исі қазаққа танымал кәсіпқой боксшыны жаңа ақпараттық-технологиялық даму заманының жастары жазбай таниды. Таяуда бар желі бүгінгінің хас батыры жайлы, оның ерлігі туралы лек-легімен жазған. Әлемдік аренада еліміздің көк туын желбіретіп, даңқын асқақтатып жүрген спортшыға жастар зор қошемет көрсетті. Жеңісімен құттықтады.
Айта кету керек, Қанат Ислам шаршы алаңда 22 жекпе-жек өткізіп, барлығында басым түсті. Оның он жетісінде қарсыласын нокаутпен жеңді. Жиын соңында қатысушылар кәсіпқой боксшыға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, спорттық карьерасына сәттілік тіледі. Оңттүстік жастары атынан даңқты спортшыға арнау айтып, бар қазақтың бағына туған баланың бәсі биік болуын тіледі.

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше