18 Қараша, 2016

«Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасы өтті

774 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1 Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - Үлкен отбасы» ауқымды республикалық жобасы қазақстандық біртектілікті нығайтады және азаматтық қоғам тұтастығын қалыптастыру үшін жағдай жасайды, деп мәлімдеді өңірлік коммуникация қызметі алаңында Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева. 2 Спикердің айтуынша, Жамбыл облысында осы жобаның аясында жыл басынан бастап 110-нан астам шара өткізілді. «Бұл шараға 55 мыңнан астам адам қатысты. Бұл «Үлкен Ел - Үлкен Отбасы» заманауи қолданбалы өнер көрмесі, «Біз -  болашағы біртұтас елміз» этномәдени бірлестік байқауы, «Ұлы дала аңызы» этноэкспедициясы, «ҚХА-2016 жастар» форумы», - деп атап өтті ол. 3 «25 игі іс» акциясының аясында өңірде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қайырымдылық керуені» облыстың 4 ауданына барды. 4 М. Қожаева Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанында медиация кабинеті ашылғанын атап өтті. «Тұтастай облыс бойынша 12 медиация кабинеті ашылды. 63 медиатор жұмыс істейді. ХҚА медиаторларына еңбек, азаматтық, отбасылық дауларға қатысты 219 шағым түсті, оның 165-і шешілді. ҚХА құрылымдарын байланыстырушы буын ғылыми-мараптамалық топ болып табылады. Оның ұсынысымен аудандарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Есепті кезеңнің   20-дан астам алыс ауылдарға шықты», - деді М. Қожаева.