Ең жедел сайттардың өзі ақпарат таратуда мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің жылдамдығына ілесе алмай отыр. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Өңірлік БАҚ форумында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні елімізде 3 мыңға жуық ақпарат құралдары тіркелген болса, соның 80 пайызын аймақтық ресурстар құрайды. Осының өзі өңірдегі масс-медианың ықпалы күшті екендігін көрсетеді. Алайда бүгінгі уақыт бұл салаға айрықша көзқарасты талап етіп отыр. Оның бірден-бір себебі - жаңа технологиялардың қарқынды дамуы мен интернеттің қанат жаюы.
«Басқасын айтпағанда, әлеуметтік желілердің өзі дәстүрлі ақпарат құралдарын нарықтан ығыстыруда. Ең жедел сайттардың өзі ақпарат таратуда мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің жылдамдығына ілесе алмай отыр. Бүгінде кез келген адам кез келген оқиғаны телефон арқылы тікелей эфирде тарататын дәрежеге жетті. Өздеріңіз мұны жақсы білесіздер», - деді министр.
Осы ретте ол осындай жойқын бәсекеде ұтылмау үшін аймақтық медианың алдында бір ғана жол бар екендігін баса айтты.
«Ол - заманға сай күрделі өзгерістер жасау. Қазіргі күннің талабы ақпаратты жедел тарату ғана емес оқырманға не қажет екендігін дәл тауып, аудиториямен тікелей байланыс орната білу. Сонымен қатар елдің мүддесін, халықтың мұң-мұқтажы мен басқа да өзекті мәселелерді терең сараптап, мемлекет саясатын, бағыт-бағдарын халыққа тиімді жеткізу керек. Қорыта айтқанда, қоғамдағы ықпалын сақтап қалу үшін, өңірілк медианың деңгейі жоғары, сөзі өтімді болуы керек. Міне, осыған қатысты алдымызда үлкен іс-шараларды жүзеге асыру міндеті тұр», - деді Абаев.
Айт кетейік, шараға Парламент депутаттары, Президент әкімшілігінің өкілдері, республикалық және өңірлік БАҚ басшылары, журналистері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ресейдің танымал тележурналистері қатысуда. Үш сессиямен өтетін форум барысында қазақстандық журналистер мен қоғамды алаңдататын өзекті мәселелер талқылануда.
• 18 Қараша, 2016
Ең жедел сайттар әлеуметтік желілерге ілесе алмай отыр - Абаев

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі
Қоғам • Бүгін, 22:43
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Бүгін, 22:09
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20