18 Қараша, 2016

Сейдахмет Бердіқұлов жүлдесіне байқау жарияланды

443 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстанның БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін байқауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25 үй, 11 қабат мекенжайына, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметіне («2016 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады. Астана қаласының индексі - 010000. Қабылдау мерзімі - 2016 жылдын 10 желтоқсанына дейін. Үміткерлер 2016 жылдағы жұмыстарын мына тақырыптар бойынша тапсыра алады: 1. Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем Кубоктарына, мәртебелі Халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.) 2. Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын, (Спартакиадалар, турнирлер, Ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты, ардагерлер Спартакиадасы) т.б. насихаттау. 3. Елімізде дене шынықтыру және Спорт саласы бойынша проблемалар көтеру және оның шешу жолдарын көрсетіп беру. 4. 2016 жылғы Рио-Де-Жанейро қаласында (Бразилия) өткен жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындары тұралы насихаттау (фото,теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер) 5. 2016 жылда шыққан Авторлық жұмыстар (кітаптар, спорттық энциклопедиялар, т.б.) 6. Үздік спорттық фоторепортажадар, фотожұмыстар. Байқаудың жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы төс белгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.