18 Қараша, 2016

СҚО-да әлеуметтік дүкен ашылды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Петропавл қаласындағы «Еуразиялық» базарында азық-түлік өнімдерін үстеме бағасыз сататын әлеуметтік бөлім өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік басқармасынан әлеуметтік жоба бойынша ұсыныс келіп түсті. Орынды базардың өзі ұйымдастырды. Бұл бөлімді ары қарай дамытып, бөлшек саудадағы тауарлардың бағасын төмендетеміз. Әдетте сатушылар 10-15% қосса, біз үстеме бағасыз сатамыз», - деді базар директоры Денис Мартынюк. Қазірше сауда орындарында 15 түрлі тауар бар: жарма, өсімдік майы, тұз және қант. Өнімдерді жергілікті тауар өндірушілерден алуға тырысуда. Денис Мартынюктың айтуынша, қарақұмықты Стабфондтан сатып алуда, енді макарондарды алып келу жоспарларында бар. Қазір сатылым бағаларын зерттеп, Петропавлдағы ең төменгі бағадағы өнімдерді қарастыруда. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінде айтып өткендей, олар тұрғындар алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғарылату мақсатында ұсынымдар жасауда. Солардың бірі базарлардағы әлеуметтік бөлімдерді құру болып табылады. «Еуразиялық» базарындағы бұл жоба алғашқы болғанымен, кәсіпкерлер палатасы соңғы емес екеніне сенімді.