Жезқазған қаласында Чернобыль апатының құрбандарына ескерткіш орнатылды. Отыз жыл бұрын орын алған техногендік апат зардабын жоюға қатысып, соның салдарынан мезгілінен бұрын бақилық болған боздақтарды есте қалдыру белгісі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің демеушілігімен қойылды.
Сонау 1989 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр стансасында болған жарылыс, оның салдары мыңдаған адамның өмірін жалмады. Апат зардаптарын жоюға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен 600 мыңдай адам тартылды. Бір ғана Қазақстаннан 30 мыңнан астам адам барса, соның екі жүзден астамы жезқазғандық азаматтар болған. Солардың бәрі ауаға жайылған аса қауіпті радиациядан бейхабар еді. Жарылыстың өзінен емес, оның салдарынан, яғни, апат болған жерді тазартамыз деп, өздері кесел тапқан бейбақ жандардың дені осы күндерге жете алған жоқ. Кейін белгілі болғандай, Чернобыль АЭС-ындағы жарылыс Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бомбасынан 400 есе күшті болған екен.
Ескерткіштің ашылуына арналған жиынға Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов, Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы Советбек Медебаев, «Чернобыль жаңғырығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхит Үңгітбаев сөз алып, лебіздерін білдірді. Жиналған көпшілік апат құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Жезқазғанда бүгінде Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан 93 азамат тұрып жатыр. Ескерткіштің орны солардың ұсынысымен осыдан жарты жылдай бұрын белгіленген болатын. Жезқазғандық жазықсыз құрбандардың есімдері ескерткіштің қос қапталына қашалып жазылған.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі
Қоғам • Бүгін, 22:43
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Бүгін, 22:09
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20