19 Қараша, 2016

Жасампаздық жылнамасы

236 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
29-mamyr-20072007 * 21 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. * 28 мамырда екі күндік мемлекеттік сапармен Гурбангулы Бердымұхаммедов Қазақстанға келді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Г.Бердымұхаммедов шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізді. Кездесу нәтижесінде 6 құжатқа қол қойылды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 29 мамыр күнгі нөмірінде «Қазақстан-Түрікменстан: Ынтымақтастық тамыры тереңнен басталады» тақырыбымен мақала жария­ланды. * 7 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев интернет желісі арқылы қазақстандықтармен сұхбат өткізіп, халықты толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап қайтарды. * 10 маусымда Санкт-Петербургте халықаралық дәрежедегі екі үлкен басқосу өтті. Оның біріншісі – ХІ Петербург халықаралық экономикалық форумы, екіншісі – ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті. Мемлекетаралық деңгейде өтіп отырған бұл екі басқосуға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. * 15 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Шет ел инвесторлары кеңесінің ХVII пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі. * 29 маусымда Астанаға жұмыс сапарымен Испания Королі І Хуан Карлос пен оның зайыбы Королева София келді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Испания Королі І Хуан Карлос екі елдің Үкімет мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізді. * 4 шілдеде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІ съезі өтті. Алқалы жиында Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. «Біз бәріміз бұқара көпшілікке «Нұр Отанның» халықтың партиясы, халықтық партия екенін іспен көрсетуге тиіспіз. «Нұр Отан» ел мүддесін мұрат тұтқан, өзінің осы ұстанымын табанды қорғай білетін саяси ұйым екенін дәлелдеуіміз керек», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. * 5 шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс сапарымен келген Хорватия Президенті Стъепан Месичпен кездесті. * 21 шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. * 27 шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңына қол қойды. * 7 тамызда­ Қазақстан Пре­зи­де­нті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге рес­­ми сапармен кел­ген Әзербайжан Пре­з­и­денті Ильхам Әли­ев­пен кездесіп, ке­ліс­сөздер жүргізді. Со­ның нәтижесінде 7 маңызды құжатқа бе­кітілді. Олардың ара­сында мемлекеттер басшылары қол қой­ған Бірлескен мә­лімдеме бар. * 14 тамызда Ақ­орда­да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Моңғолия Президенті Намбарын Энхбаяр кездесіп, екі елдің ынтымақтастығын дамытуды көздейтін бірқатар мәселелер бойынша келіссөз жүргізді. * 15 тамызда Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-елдер Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті, жетінші отырысы өтті. Саммитке ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің басшылары – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао, Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов және Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Саммит қорытындысында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер басшылары Бірлескен коммюнике қабылдап, 10 құжатқа қол қойды. * 18 тамызда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанда мемлекеттік сапары болып өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао шағын және кеңейтілген құрамдарда кездесулер өткізді. Соның нәтижесінде екіжақты 10 құжатқа қол қойылды. Осы күні елімізде Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы болды. Қазақстан халқы Конституцияға енгізілген демократиялық өзгерістерге сәйкес тұңғыш рет партияларға дауыс берді. Сайлаудың қорытындысы бойынша сайлаушылардың 88 пайыздан астам дауысын алған «Нұр Отан» партиясы жеңіске жетті. * 25 қыркүйекте Президент Н.Ә.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында сөз сөйледі. Жиында Елбасы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға байланысты бірқатар маңызды бастамалар көтерді. * 27 қыркүйекте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Бразилияға мемлекеттік сапармен барды. Сапар барысында Елбасы Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луис Инасио Лула да Силвамен кездесті. * 1 қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары болды. Анкарада Қазақстан басшысы Түркия Президенті Абдулла Гүлмен кездесті. 16-kazan-2007* 15 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Иран Ислам Республикасына барды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 16 қазан күнгі нөмірінде «Сапар алмасулар шапағаты Қазақстан мен Иранның саяси-экономикалық қарым-қатынасының үдемелі сипатынан айқын көрініп отыр» тақырыбымен мақала жарияланды. * 5 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сирия Араб Республикасына ресми сапармен барды. Елбасы Сирия басшысы Башар Асадпен кездесті. * 7 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барып, осы елдің Президенті Шейх Халифа бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді. * 3 желтоқсанда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. * 14 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында Тәуелсіздіктің 16 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болды. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. * 20 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Мәскеу қаласына барды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин кездесіп, екі елдің стратегиялық әріптестігін және интеграциялық ынтымақтастығын дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.