Басылымда жарық көрген жарияланымнан газеттің төл оқырмандары ғана емес, басқа елдегілер де хабардар болып жатқаны жақсылықтың нышаны емес пе! «Егеменнің» 12 қарашадағы санында «Ізгі ниет шекара іздемейді» атты мақала жарияланған болатын. Каспийдің арғы бетінен соған орай тағы бір хабар жетті.
«Egemen Qazaxistan» газетінде Гейдар Алиев қорының қызметі туралы «Xoş niyyət sərhəd tanımır» («Ізгі ниет шекара іздемейді») атты мақала жарық көрді» деген тақырыппен мақала Әзербайжан мемлекеттік ақпараттық агенттігінің сайтында.
АЗЕРТАДЖ меншікті тілшісі Илаха Ахмедова әрі қарай аталған мақалада Әзербайжанның бірінші ханымы, ЮНЕСКО және ИСЕСКО-ның ізгі ниет елшісі Мехрибан Алиева басшылық жасайтын Гейдар Алиев қоры қызметінің барлық бағыттарына нақты талдау жасалғанын жазады.
«Мақаланың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Гейдар Алиев қорының естелік дәптеріндегі: «Гейдар Алиевтің есімі әрқашан да халқының жадында. Ол бар ғұмырын халқының өркендеп өсуіне, елінің қайта жаңғыруына сарп етті, сол себепті де есімі мәңгілік жасай береді» деген жазбадан басталатындығын жазады агенттік тілшісі.
«Оқырмандар назарына қор ашылғалы бір жыл өткен соң, 2005 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербай жанға сапары шеңберінде Гейдар Алиев қорына барып, қормен танысқан соң, естелік дәптеріне қазақ тілінде өз жүрегінен шыққан лебізін жазып қалдырғандығы жеткізіледі. Қорда Гейдар Алиев өмірінің ең маңызды сәттері және Әзербайжан тарихының тұтас кезеңі туралы ауқымды мәліметтермен, Әзербайжан мемлекетін құрушы президент турасындағы ой-пікірлер, ол туралы жазылған кітаптармен танысқан Президент Н.Назарбаев Гейдар Алиевпен өткен кездесулерде бірге түскен фотосуреттерді де үлкен қызығушылықпен шолып шықты. Нұрсұлтан Назарбаев қор президенті Мехрибан Алиева ханымға Қазақстан тәуелсіздігінің символы болып табылатын ескерткіштің макетін табыс етті» делінген Азербайжан агенттігінің сайтында жарияланған мақалада.
Одан әрі қарай басылымның елдегі ірі ақпарат құралы екенін де тілге тиек етеді. «Қазақстанның ең таралымы көп басылымы қордың мақсатын жеріне жеткізе жазып, оның ұлы мемлекет қайраткері Гейдар Алиевтің бай мұраларын зерттеу және насихаттау мақсатында құрылғандығына тоқталады. Қор құрылған күннен бастап халықтың әл-ауқатына қызмет еткен ірі ауқымдағы жобаларды жүзеге асыратын ізгі ниет миссиясының өкілі болып табылатындығын атап көрсетеді».
«Егемен Қазақстанда» жарияланған мақалада қор халықтың ұлттық-рухани құндылықтарының сақталуына қолдау көрсетумен қатар, шет елдерде Әзербайжанды насихаттау бойынша бағдарламалар мен жобаларды жасайтындығы және жүзеге асыратындығы айтылады» дейді агенттік тілшісі.
Осылайша, «Егемен Қазақстанның» бетінде «Туыстық туы» айдары аясында жарық көрген мақала бауырлас елдің бұқаралық ақпарат құралдарынан орын алып жатса, түбі бірдің ақпарат кеңістігінің де ортақ екендігін көрсетеді.
Дайындаған
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»
• 19 Қараша, 2016
Әзербайжан басылымы "Егемен Қазақстанның" мақалалары туралы жазды

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55