Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының Іс-шара жоспарын орындау бойынша жұмыс топтарының есептері тыңдалды. Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек және Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов баяндама жасады.
Сондай-ақ, Астанада «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың Халықаралық орталығын құру бойынша мәселе талқыланды. Тұжырымдамаға сәйкес, орталықтың негізгі міндеті Қазақстанның «жасыл экономикаға» тәжірибелік көшуіне жәрдемдесу, жаңартылатын энергия көздері және экологиялық таза технологиялар сияқты «жасыл экономика» салаларын дамытуға қажетті тұрақты негізді қалыптастыруға қолдау көрсету, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Атап айтқанда, орталық «жасыл» технологиялар трансферті бойынша елдердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар тапсырма берді.
Еске салсақ, Қазақстан Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес Мемлекет басшысының Жарлығымен 2014 жылғы 26 мамырда құрылды. Кеңес төрағасы Премьер-Министр болып табылады. Кеңес Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыруға мониторинг жүргізу және бағалау, мониторинг жүргізу және бағалау негізінде сәйкес ұсынымдар жасау, «жасыл» және тұрақты даму қағидаларымен экономиканы жаңғыртуды қамтамасыз ететін тұжырымдаманы жүзеге асыру стратегиясын, тәсілін және тетіктерін анықтау мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55