Бүгін Ақмола облысы әкімдігінің отырысында аймақ басшысы Сергей Кулагин ұжымды кадрлық өзгерістермен таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы алдымен өз қызметіне қайта кіріскен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбековті құттықтады. Ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Колумбия университетін «экономика» мамандығы бойынша Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесінде оқуын сәтті аяқтап, бүгінде өз қызметіне қайта кірісті. Әкім орынбасары облыстың кәсіпкерлік, өндіріс және туризмді дамыту сияқты маңызды салаларына жетекшілік ететін болады.
Сондай-ақ, басқосу барысында аймақ басшысы жиналғандарға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының үстіміздегі жылдың қазан айындағы бұйрығымен тағайындалған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолланы және осы агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Берген Беспалиновті де таныстырды. Облыс әкімі өз жұмысына кіріскен мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстарына сәттілік тілеп, ел Тәулсіздігінің нығаюына бар күш-жігерлерін аямай еңбектенуге шақырды.

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48