Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Әзербайжан Республикасынан келген делегация өкілдерімен кездесу өткізді. Мәртебелі меймандарды Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадаров бастап келді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аталған топ құрамында Қазақстандағы Әзербайжанның ішкі істер министрлігі өкілі Насими Шикаров пен Әзербайжан кәсіпкерлер одағының төрағасы Гюндуз Маммадли болды.
Экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кездесуде аймақ басшысы Оңтүстікке арнайы ат басын бұрған қадірменді қонақтарға алғысын білдіріп, әзербайжандық инвесторлардың қатысуымен болып жатқан және болашақтағы бірлескен жобалар жайын таныстырды. Сондай-ақ, жиында облыстың ауыл шаруашылық саласымен қатар, кәсіпкерлік, туризм бағытындағы жоспарлары мен жетістіктері туралы әңгіме өрбіді.
«Түбі бір түркі тілдес елдердің бірі – Әзербайжан халқы мен қазақ елі тарихы біте қайнасып, тереңде жатқан бауырлас ұлттар. Сондықтан, қос мемлекеттің кез келген сала бойынша қоян-қолтық араласып, жұмыс істеуі заңды. Әзербайжандық кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған өңіріміздегі бірқатар өндіріс орындарының болуы осы туысқандық қатынастың жемісі деп білем. Әрі бұл игі байланыстың одан әрі нығайып, жалғасатынына сенімім кәміл», деді Ж.Түймебаев.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап арнайы жұмыс тобын құрып, нақты ұсыныстар мен жобалар бағытында іске кірісетін болып келісті. Сонымен бірге, әкім елші мырзаға облыс орталығы – Шымкент қаласы мен Әзербайжанның бір шаһарын «бауырлас қалаларға» айналдыру ұсынын жеткізді. Бұл ұсынысты құп көрген Р.Маммадаров осы идея негізінде жұмыс істеуге дайындығын мәлімдеді.
Жалпы, 2016 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша Қазақстан мен Әзербайжан елдерінің арасындағы тауар айналымы 112,1 млн долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,4 пайызға көп. Сондай-ақ Оңтүстік өңірде әзербайжандық инвесторлардың қатысумен жұмсақ және кеңселік жиһаздар жобалары жұмыс істейді. Бұл кәсіпке салынған инвестиция көлемі 3,8 млрд теңгені құрайды.

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48