20 Қараша, 2016

Уорд жекпе-жекке байланысты пікірін білдірді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-11-boks-3 Америкалық боксшы Андре Уорд ресейлік Сергей Ковалевпен болған жекпе-жектің тең өткенін мәлімдеді, деп жазды «Р-Спорт». «Мен төрешілердің шешіміне таң қалмадым. Кездесудің қиынға түсетінін білдім, жекпе-жек тең өтті. Спорттық мансабымда мені алғаш рет нокдаунға жіберді. Мұндайды қарсыласымнан күткенмін», – деді Уорд. Сондай-ақ ол ресейлік боксшымен матч-реванш өткізуге қарсы емес екенін, бірақ біраз уақыт демалғысы келетінін айтты.