20 Қараша, 2016

Криштиану Роналду тағы бір рекорд жаңартты

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-11-ronaldu Кеше футболдан Испания чемпионатының 12-туры аясында «Атлетико Мадрид» командасы «Висенте Кальдерон» стадионында «Реалды» қабылдады. Матч 3:0 есебімен корольдік клубтың пайдасына шешілді. Осы ойында Криштиану Роналду хет-трик жасап, мадридтік дерби тарихындағы ең үздік ойыншылар тізімінде көш бастады. Мадридтің екі командасы арасындағы кездесулерде Криштиану 18 гол соғып, «Реалдың» атақты форварды Альфредо Ди Стефаноның (17) көрсеткішін басып озды. Айта кетейік, премьер-лига ойындарында «Реал» «Атлетико Мадридті» соңғы үш жылда бірінші рет жеңіп отыр.