Былтырғы жылы Республика сарайында өткен Мәулітке келген жамағат аузы-мұрнынан шығып, сыймаған болатын. Соны ескерген болуы керек, діни басқарма биыл 5 мың адамға арналған Спорт кешенін таңдапты. Бірақ, бұл жолы да сарайда ине шаншар орын болмады. Содан бірқатар ағайын төрт сағатқа жуық тапжылмай тұрып Мәуліт тыңдады. Бұл дегеніміз – Қазақстанда Мәуліт мерекесі жыл өткен сайын бүкілхалықтық сипат алып келе жатқанын айғақтаса керек. Ең бастысы, Мәулітті атап өтуде ұйымдастырылған іс-шаралар мазмұн жағынан байып, исламның асыл құндылықтарын насихаттауда түрлі тақырыптар қамтылып, халықтың ынта-ықыласын арттыруда.
– Қазір әлемде 6 миллиард халық бар, – деді құран оқылған соң мұқым халықтың, Отанның қамында жүрген азаматтардың амандығын тілеп, бата жасаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі. – Оның 2 миллиарды мұсылман болса, бүгінде олар осы Мәуліт айын тойлауда. Мәуліт араб тілінде «туылған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан басталған пайғамбарларымыздың соңғысы, әрі сардары хазіреті Мұхаммедтің дүниеге келген күніне атау етіп қойылған сөз.
Одан әрі Әбсаттар қажы биыл Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ететінін айта келіп, бұл елеулі оқиғаға қатысты да өз ойын ортаға салды. Осының барлығы ынтымақтың, бірліктің арқасында екенін, «бірлігі бар ел озатынын, бірлігі жоқ ел тозатынын» еске салды. Содан кейін Мәуліт жыры оқылып, Пайғамбарымызға қариялар салауат айтты. Биылғы мерекенің жаңалығы, бес мың адамға Діни басқарма мен Ислам мәдениеті және білімін қолдау қорымен бірлесіп шығарған бірнеше кітаптарды сыйға тартуы болды. Салауат айтылған соң мемлекет және қоғам қайраткері, академик Сұлтан Сартаев халыққа бата берді.
Жалпы Мәуліт мерекесі алғаш рет 909 жылы Мысырда басталып, 1207 жылдан ресми түрде атап өтілген. Ал XVІ-XVІІ ғасырларда Осман империясының ресми мейрамы болып бекітілген. Қазақстанда бұл мереке 2000 жылдан белсенді өткізіле бастады. Биылғы Пайғамбардың дүниеге келген күні 14 ақпан мен 14 наурыз аралығында еліміз бойынша үлкенді-кішілі елді-мекен, қала, аудан, облыс орталықтарында аталып, мерекелену үстінде.
Мереке барысында Пайғамбарымыз туралы түсірілген бейнефильм ұсынылып, кештің өн бойы мадақ ән-жырмен көмкеріліп отырды. Әсіресе, Жәкен Омаровтың «Хикметулла», «Зікірулласына» жұртшылық ерекше ықылас танытты. «Серілер», «Меломан», «Рояль» тобының өнерлі жігіттері де әндерімен сүйіспеншіліктерін білдірсе, «Сәт» триосының орындауындағы «Мінәжат», «Көнеміз ғой» әндері де тыңдарманын тәубе етуге шақырғандай еді.
Биылғы Мәуліттің тағы бір жаңалығы – танымал ақындар Балғынбек Имашев пен Жандарбек Бұлғақовтың дін тақырыбындағы айтысын жұртшылықтың жылы қабылдауы. Сонымен бірге көкшетаулық айтыс ақыны Арман Бердалин, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория студенті Ермек Есқожаев мадақ жырларын арнады.
Пайғамбарымыздың хадисінің бірінде: «Кім маған бір рет салауат айтса, Алла тағала оған он рет рахмет жолдайды, оның он күнәсі кешіріліп, он дәрежесі көтеріледі» деген. Ендеше, әр мұсылман жүрегіндегі ұлы Алла мен ардақты Пайғамбарымызға деген сүйіспеншіліктің сағыныш сезімінің орны өзге ештеңемен толықпасы хақ.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.

«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25