21 Қараша, 2016

Францияда праймериздің бірінші туры аяқталды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози праймериздің бірінші турында жеңіліп қалды, деп хабарлайды РИА Новости. Праймериздің оргкомитетінің ресми ақпараты бойынша, Саркози 22,9 пайыз ғана дауыс жинап, үшінші орын алған. Бұрынғы премьер-министр Франсуа Фийон (43,6 %) мен Ален Жюппе (26,7 %) бірінші және екінші орында тұр. Қалған қатысушылардың әрқайсысы 3 пайыздан артық дауыс жинай алмаған. Францияда 20 қарашада жалпыұлттық праймериздің бірінші туры өтті. Онда дауыс беруге алғаш рет партиясына қарамастан барлық азаматтар мен 2017 жылы көктемге дейін кәмелеттік жасқа толатын жастар қатысуға мүмкіндік алды. Бірінші кезеңге 7 канидадат қатысты: алтауы республикалық партиядан, біреуі христиан-демократия партиясынан. Праймериздің екінші туры 27 қарашада өтеді.