21 Қараша, 2016

Назарбаев: Құқық қорғаушы органдар адалдығы - басты құндылық

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан VII Судьялар съезінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев полициялардың жұмысына ерекше тоқталып, олардың қызметтегі адалдығы қоғам үшін басты құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар ол құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне азаматтардың сенімі жоғары болу керектігін айтты. "Біздің қоғамдағы азаматтарымыздың құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне деген сенімі – ең басты құндылықтардың бірі болып табылады. Елдің сенімін сейілте алмау жолында біз полицейлеріміздің қызметін шебер үйлестіруіміз керек. Осы мақсатта біз жергілікті полиция қызметін құрып, қоғам тыныштығы мен азаматтар құқының қорғалуын қамтамасыз етуге көштік", - деді Елбасы. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев бұл істі жүзеге асыру үшін тек бір ғана ведомтсво жауап бермеу керкектігіне тоқталды. "Осы істі біріздендіру Ішкі істер министрлігінің ғана құзыретіндегі шаруа деп, бір ведомствоға иек артып отыруға болмайды. Жергілікті басқару органдары мен өзге де министрліктер бұл жұмысқа атсалысқаны лазым", – деді Елбасы. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстандағы құқық қорғау органдары саласы соңғы озық технологияларды кеңінен қолданылып жатқанын атап өтті. Оның ішінде, полицейлердің ортақ біріңғай базаны пайдалануды іске қосуы да бар. Нұрлыбек Досыбай, "Егемен Қазақстан".