Орта салмақтағы WBA (Regular) белбеуінің иесі, америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектің шамамен қай уақытта болатынын айтты, - деп жазады Vesti.kz. Мұның алдында тараптар жекпе-жекті 10 желтоқсанда өткізу туралы келісім жүргізген, алайда бұл уақытқа дейін егжей-тегжейдің бәрін келісіп үлгермей, оны 2017 жылдың басына қалдырған болатын. "Мен келесі жекпе-жекті күтіп жүрмін. Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз және бәрі жақсы болатын сияқты. Жекпе-жек наурыздың ортасында өтеді деп үміттенемін. Келесі аптада мен залға оралам. Не боларын көреміз. Бұл онымен шыққым келмейтіндігін білдірмейді. Мен тек барлығы дұрыс орындалғанына көз жеткізгім келеді. Қазір бәрі келісімнің іскерлік тұсымен айналысып жатыр. Бір-екі аптада бәрін аяқтаймыз деген ойдамын", - деді Джейкобс Fighthype.com басылымына берген сұхбатында. Мұның алдында қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Дэниэл Джейкобстың өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын растаған болатын. "Джейкобс бұл жекпе-жекті қалайтын сияқты, біз тек екі жаққа да ұтымды келіссөз жасасқымыз келеді", - деген болатын промоутер. Головкинның өзі Джейкобспен жекпе-жек жыл басына тамаша кездесу болатынын айтқан.
Спорт • 21 Қараша, 2016
Джейкобс Головкинмен жекпе-жек уақытын айтты
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48