Бүгін өңір басшысы Даниал Ахметов облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарын таныстырды. Аталған қызметке бұған дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары және "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған Әсем Нүсіпова тағайындалды.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін " экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.
1998 жылы аталған университеттің магистратурасын бітірді.
Еңбек жолын 1997 жылы консалтингтік компанияның сарапшысы болудан бастады. Бұдан кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, "Деловая неделя" апталығының экономикалық шолушысы болды. Мемлекеттік қызметте 2001 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша бөлімнің бас сарапшысы, Президент Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, Қаржы министрінің кеңесшісі, Премьер-Министрдің кеңесшісі болып еңбек етті.
2005-2007 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің талдаулар жиынтығы бөлімінің меңгерушісі, 2008 жылы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары және бүгінгі тағайындауға дейін "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды.
Думан Анаш,
"Егемен Қазақстан".
ӨСКЕМЕН.

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48