12 Наурыз, 2011

Миссия басшысымен жүздесті

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 11 наурызда Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Рогов ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын бақылау үшін елші Даан Эвертс бастап келген миссиясын қабылдады. Конституциялық Кеңес Төрағасы И.Рогов қонақтарды Консти­туциялық Кеңестің Ата Заңның үстемдігін, соның ішінде сайлау процесінде, қамтамасыз етудегі қызметі, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік құқықтық саясаты жайлы хабардар етті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі.