22 Қараша, 2016

Тәуелсіздік тірегі – Конституция

899 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
04Қазіргі дүниедегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын Тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл – сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұста­нымының, заңдарының, жүр­ген жолдарының өзегінен өр­би­тін, келешегіне бағдар жасай­тын басты белгі. Осыдан 21 жыл бұрын жаңа Конституция қабылданып, еліміз жасампаз жаңа дәуірге нық қадам басты. 1995 жылдың 30 тамызында, жал­пы­халықтық референ­дум­­да Қазақстан халқы Конс­титу­цияны қабылдауға дауыс беріп, өздерінің ортақ мағы­налы таңдауын – тәуелсіздікті, өркен­деуді, демократияны қолдады. Құжатты әзірлеуге Елбасы Н.Назарбаев тікелей ат салысып, білікті заңгерлер мен шетелдік мамандар қатысты. Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі естілген Негізгі Заң да осы Конституция. Бұл жөнінде Президент: «1995 жылы Конс­ти­туция тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақ­­станда конституциялық құры­лыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім елі­міздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын терең түсін­гісі келсе, оны жасаудың, қалып­тас­тырудың тарихын жақсы білуі керек», деген болатын. Бүгінгі біздің жетіліп ке­ле жатқан, ел тарихын бес сау­са­ғын­дай біле­тін жас ұр­паққа осы Конститу­ция­мыздың темір­қазығы сонау «Есім хан­ның ескі жолы, Қасым ханның қас­қа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» бастау ал­­ған­­дығын да айта кеткеніміз жөн. Конституция еліміздің Не­гі­згі Заңы ретінде еге­­­мен­­дігіміздің тұрақты дамуы­­ның, қоғам, мемле­кет тұ­рақ­­тылығының ірге­та­сы бол­­ды. Осы 1995 жылы қабыл­дан­ған Ата Заңы­мыздың бас­ты құн­­ды­лығы респуб­лика­ның өзін демократиялық, зайыр­лы, құқықтық және әлеуметтік деп жарияланумен қатар, негізгі бас­тауы халық екендігін ай­қын­дап берді. Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Респуб­ликасын президенттік бас­қару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Заң­ды мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қолсұғылмауын және бөлін­беуін қамтамасыз ету толы­ғымен жатқызылады. Конституцияда демокра­тия­ның түпкі мәні ерекше айқындалады. «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп нақты жазылған. Конституцияда респуб­лика­дағы мемлекеттік билік біртұтас деп тұжырымдалған. Сондай-ақ, осы жылдары демо­кратияның маңызды институты – парламентаризмді дамыту үшін барлық жағдай жасалды. Жалпы, Ата Заңымыздағы ең басты құндылық – бұл адам­ның құқығы мен еркіндігін қор­ғау болып табылады. Әр адам осы елде өмірге ке­ліп, тұрмыс-тіршілік жасап жат­қандықтан, оларды тіліне, түріне және нәсіліне қарап алалау жоқ. Байырғы қазақ жерінде тағдырлары тоғысқан барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы жарасып, ортақ мүдде жолында өмір сүріп жат­қаны біздер үшін баға жетпес құндылық саналады. Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітуі. Енді Қазақстан Рес­пуб­ликасында мемлекеттік меншікпен қатар жекеменшік те өз күшіне еніп, заңмен қор­ғалуда. Мемлекетіміздің басты заңы конституциялық құ­қық­ты қорғаудың, Негізгі Заң­ның құқықтық өрісін және тұрақтылығының қо­сым­ша кепілдігі ретінде прокурорлық қадағалаудың рөлін бекітті. Осы түпмәтінде прокуратураның құқық қор­ғау қызметінің басты бағыт­тарының бірі конс­ти­ту­циялық заң­дылықты, Қазақстан Рес­публикасының Президенті Жар­лықтарының және өзге де нормативтік құқықтық акті­­­лер­дің дәлме-дәл әрі бір­кел­кі қол­данылуын жоғары қа­д­а­­ға­лауды жүзеге асырады, заң­дылықтың кез келген бұзы­луын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразы­лық білдіру Конституцияға сәй­кес прокуратура органдарына жүктелген. Үстіміздегі жылы өңірдегі 11 мыңнан астам азаматтың, соның ішінде 4 мың жасөспі­рімнің конституциялық құ­қық­тары қорғалды. Еңбек қаты­настарының бұзылуына байланысты қолданылған шаралар нәтижесінде 77 миллион теңгеден астам жалақы қарызы қайтарылды. Прокурорлық ықпал ету актілері бойын­ша мемлекеттік бюджетке 1,5 млрд теңгеден астам қаражат құ­йыл­ды. Бір ғана мысал айтайын, Еңбекшілдер ауданы прокурорының ұсынысы бо­йынша «Көкше-Цемент» ЖШС-не 700 миллион теңге­ден астам қосымша салық есеп­те­ліп, бюджетке төленді. Сондай-ақ, прокурорлық қадағалау шаралары арқылы мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша 1 мил­лиард теңге бюджет қара­жа­тын заңсыз жұмсаудың және пайдаланудың жолы кесілді. Мемлекеттік қызметтің беде­лін түсіретін теріс қылық­тары үшін, прокурорлық ық­пал ету актілері бойынша 14 лауазымды тұлға, соның ішінде 11 басшы тәртіптік жауап­кершілікке тартылды. Табиғат ресурстарын қор­ғау мақсатында облыс про­ку­ра­турасы Астана қаласы ма­­ңын­дағы аймақта кең тарал­ған пайдалы қазбаларды заң­сыз өндіруге қарсы іс-әрекет бойынша іс-шараларды іске асырудың Жол картасын әзірледі. Соның шеңберінде облыс прокуратурасының бас­тамасымен Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесіне өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізілді. Прокуратура орган­дары­ның қызметі кәсіп­керлердің құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету, соның ішін­де заңдық талаптарды бұзу­шы­лыққа жол бермеу арқы­лы түпкілікті нәтижеге қол жет­кізуге бағытталды. Бұл орайда, «Шенеунік және кәсіпкер», «Прокурор түсіндіреді» акциялары тұрақты өткізіліп келеді. Сондай-ақ, «Қылмыстық про­цесте кәсіпкерлердің құқық­тарын қорғау» қанатқақты жобасының кіріктірілуі маңыз­ды сипат алуда. Жобаның мақ­саты кәсіпкерлерді қыл­мыс­тық процеске негізсіз тарту­ға мүмкіндік туғызатын жағдай­ларды жою болып табылады. Прокуратураның уәкілетті мемлекеттік органдармен бір­лесіп жүргізген алдын алу жұмысы кәмелетке толма­ған­дардың арасындағы қылмыс­тардың 123-тен 93-ке дейін азаюына мүмкіндік берді. Об­лыс прокуратурасының бастамасымен «Қауіпсіз ғаламтор», «Құрбан болмау үшін нені білу қажет» бағдарламаларының әзір­леніп, іске қосылуы жұрт­шылық ықыласын тудырды. Прокуратура азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін жүгіне алатын қолжетімді мемлекеттік органдардың бірі болып табылатынын атап өту қажет. Прокурорлар әрбір азаматты тыңдап, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шара қабылдауға әзір. Жыл сайын Ақмола об­лысының прокуратура органдарына 10 мыңнан астам азамат және 2,5 мыңдай заң­ды тұлға жүгінеді. Бізде про­ку­ратура органдары ардагер­лерінің қоғамдық қабылдауы белсенді жұмыстар атқарып отырғанын айтқым келеді. Бұл ақмолалықтардың прокурор­лық қызметке деген сенімінің артқандығын білдіреді. Қадағалау қызметінен бас­қа, ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығының құрметіне Ақ­мола облысының прокуратурасы 25 қоғамдық-маңызды іс-шаралар атқаруды жоспарлы түрде жүргізуде. Бұл «Жасыл болашақ» жасампаздық акция­сымен басталды. Біздің басты міндетіміз Тәуелсіздігіміздің тірегі – Конс­­титуциямыздың маңыз­дылығын бір сәтке де жоғалт­пай сақтау. Ата Заңды құр­мет­теу –Тәуелсіздігіміздің ұлы мұраттарынан өрбитін жал­пыхалықтық ортақ ұста­нымды ертеңгі күнге еңселендіріп жеткізу деген сөз. Мұратбек ИСАДИЛОВ, Ақмола облысының прокуроры,  мем­лекет­тік әділет кеңесшісі Ақмола облысы