Аймақтар • 10 Қазан, 2024

Ақтөбеде жол апаты кезінде отбасынан айырылған полиция қызметкері сотталды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жол апатында отбасын түгел дерлік жоғалтқан полицей сотталды, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбеде жол апаты кезінде отбасынан айырылған полиция қызметкері сотталды

Видеодан алынған кадр

Tengrinews.kz жазғандай, Ақтөбеде отбасымен бірге жол апатына ұшыраған 28 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Қайғылы оқиға 26 тамызда Ақтөбе облысындағы Әлия Молдағұлова атындағы ауылдың маңында болған. Сотталушы мінген көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сотталушының ата-анасы, інісі және екі жиені қаза тапты. Іс бойынша сотталушының үлкен ағасы жәбірленуші болып танылған.

Сотталушының үкімі оның әріптестерінің қатысуымен жарияланды. Қайғылы оқиғаға дейін ол құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Алайда сотталушының қорғаушылары мұндай жағдайда сот процесін шоу етіп өткізуді орынсыз деп санады.

Айыптаушы тарап сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Іс "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тергелген. Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот ең төменгі жаза тағайындады.

- Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ жеті жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылсын, – делінген сот үкімінде.